II Орталық Азия медиафорумы бірегей алаңға айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

II Орталық Азия медиафорумы бірегей алаңға айналды

17.04.2025

Орталық Азия медиафорумы – аймақтағы бірлескен ақпараттық жұмысты талқылайтын бірегей алаңға айналды. Жиынға қатысқандар екі күнге жалғасқан форумды осылай деп түйіндеді. Медиа саласының білікті мамандары мен айтары бар беделді сарпшылар көршілес елдер мен Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Ресей және тағы да басқа елдерден келген. Креативті индустрияны дамыту, жаңа тележобаларды іске асыру және өңір елдерінің контентін халықаралық медиаплатформаларда кеңінен таныту мәселелері әңгіме өзегі болды. Форум нәтижесінде Орта Азияға ортақ бірқатар жоба іске асатын болды. Сондай-ақ форум аясында шетелдік медиасарапшылар журналистер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне шеберлік сағаттарын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. 

Венкат Айер, медиасарапшы:

Мен қозғаған тақырып жасанды интеллект пен әлеуметтік желі замамындағы медиа этикаға қатысты. Қатысушылар өте белсенді. Олардың сұрақтарына қуана-қуана жауап бердім. Мен де дәрістің дәл осындай интерактивті форматта болғанын қалаған едім.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу