Қорқыт Ата кесенесі мен «Байқоңыр» ғарыш айлағын үндестірген жаңа туынды жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорқыт Ата кесенесі мен «Байқоңыр» ғарыш айлағын үндестірген жаңа туынды жарыққа шықты

12.01.2018

Кітаптың атауы  - «Жер үстінде де жұмақ бар». Автор «еңбектің бұлай аталуы бекер емес, шындығы сол»,- дейді. Себебі, «Қорқыт Атаның күңіренген қобыз үні - әлем өнерінің бастауы, ал, ғарыш айлағы әлемдік өркениет», - деп ой түйеді жазушы Қуаныш Жиенбай. «Баба кесенесі орналасқан Қорқыт Ата елді мекенімен космодром арасы қашық емес, яғни, баба рухы мен өркениет өзара үндесіп жатыр» делінген шығармада. Сондай-ақ, бұл кітапта бірнеше әңгіме қамтылған. Оқып шыққандар автордың сөз саптауына, ерекше теңеулеріне тәнті «және танымдық, ағартушылық сипаты бар», - деп бағалайды.

Көпен Әмірбек, сықақшы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «әр қаламгер әдебиетке өзінің талантымен ғана емес мінезімен де сіңісу керек» дегені бар. Мына кітапты оқысаңыз, Қуаныш Жиенбаевтың мінезі жібектей, ерісе майдай. Кітапта көрініп тұр.

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

Хабарламаларға жазылу