Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
Шараға университет пен колледж студенттері қатысты. Сайыскерлер экология саласы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мықтыны анықтады. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жұлдыз Шәкірова, Петропавл қалалық әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы:
Қоршаған ортаға сүйіспеншілікті, табиғат ресурстарын дамыту сияқты экологиялық проблемаларды өзгеше, жастар идеялары арқылы көру. Солармен бірге осы «Таза Қазақстан» акциясына ат салысамыз деп ойлаймыз.
Эльдмира Кәленова
