Заречный кенті су ортасында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заречный кенті су ортасында қалды

18.04.2025

Петропавлдағы Заречный кенті су ортасында қалды. Ықшам ауданға көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бекеттер қойылып, полиция күндіз-түні кезекшілік атқарып жүр. Төтенше жағдай қызметі мамандарының айтуынша, әзірге халықты эвакуациялаудың қажеті жоқ. Заречный ауданында орналасқан мыңнан астам саяжай учаскесі су астында қалды. Қазір өңірде су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Мұндай құбылыс бұрын-соңды болмаған. Мамандар оны Ақмола облысында күннің кеш жылынуымен байланыстырып отыр. Көкше өңіріндегі Қалқұтан және Жабай өзендерінен Есілге мол су құйылған.

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Сергеев қоймасындағы су Петропавлға келеді. Болжам бойынша елдімекендерге тасқын қаупі төніп тұрған жоқ. Сондықтан әзірге тұрғындар эвакуацияланбайды. Ал саяжай учаскелерін жыл сайын су басады.


Хабарламаларға жазылу