Өңірлерде кейінгі үш жылда сайланған әкімдердің 28 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Сондықтан біліктілікті арттыру курстарын көбейту керек. Саясаттанушылар осылай дейді. Еуразиялық интеграция институтында өткен жиында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жүктеген міндеттерді іске асыру жайы қаралды. Соның ішінде сайлау жүйесіндегі өзгерістер, жергілікті басқаруды жетілдіру мәселесі кеңінен талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, қызметке жаңадан кіріскен әкімдер әсіресе, бюджетті тиімді пайдалану, инвестиция тартуға келгенде іркіліп қалады. Бұл тұрғыда тәжірибе алмасуға арналған іс-шараларды да ұйымдастыру маңызды.
Қарғаш Жанпейісова, саясаттанушы:
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау, реформалау қажеттілігі бар. Өйткені әрбір өңірде жергілікті ерекшеліктер бар, сол ескірілмей қалып жатады. Біз қандай кандидаттарды ұсына аламыз. Ол кандидаттар қайдан келеді, халық оны қабылдайды - бәрін есепке алуымыз керек, тәжірибесін арттыруға көңіл бөлу керек.
Жанел Өтеулі
