Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

19.04.2025

Қызылордада Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.

Бұрын самбодан ұйымдастырылып келген боз кілем бәсекесі биыл олимпиадалық спорт түріне бағытталып отыр. Жарысқа еліміздің ұлттық құрамасы және 11 мемлекеттен 300-ге жуық балуан қатысып жатыр. Спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарды сарапқа салады. Сайыс үш күнге жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйақы қаралған.

Бақтияр Артаев, облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы:

Биылғы жылы бірінші рет өткізіп жатырмыз грек-римнен және де болашақта жүйелі түрде өтетін болады. Келер жылдары 20-30 мемлекет келеді деп күтіп отырмыз. Жоспар өте үлкен.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу