Шахматтан үш дүркін чемпион атанған Айару Алтынбек елге оралды. Алғыр қыз Грекияда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды.
Айару Алтынбекті Алматы халықаралық әуежайынан жақындары мен достары, бапкерлері ерекше қошеметпен күтіп алды. Турнирге әлемнің 50-ден аса елінен 500-ге жуық шахматшы қатысты. Логикалық ойын шебері шахматтың рапид түрінен 11 партия ойнап, 8,5 ұпай жинады. Соңғы турды сәтті аяқтаған ол Еуропа елінің чемпионы, түрік шахматшысы Ария Айдағанды ұтты. Сөйтіп, алтын медальді қанжығасына байлады. Айару шахматқа 6 жасында келген. Қазір Халықаралық гроссмейстер Антон Филипповпен жаттығады.
Айару Алтынбек, шахматтан үш дүркін әлем чемпионы:
Бірінші орын алып келгеніне өте қуаныштымын. Мен басынан лидер болдым. Мен осы жарысқа дейін екі рет Әлемді алғанмын. Сол үшін сенімділік болды. Енді классика түрінен әлем болады Албанияда. Сол жақтан бірінші орын алып келгім келеді.
Әлібек Алтынбек, Айару алтынбектің әкесі:
Айару бұл жарысқа өте тыңғылықты дайындалды. Біздің тренеріміз халықаралық гроссмейтер сол кісі Алматы қаласында тұрғаннан кейін Астанадан Айарудың Көк туды ары қарай желбірете беруіне Алматы қаласына көшіп келдік.
Айдана Қуантхан
