Ата-бабаларымыз, әже-апаларымыздың ІІ дүниежүзілік соғыста фашизмді жеңуге атсалысқанына тағзым етеміз. Халқымыздың соғыс шебіндегілерді материалдық-техникалық жағынан, азық-түлікпен қамтамасыз еткені де фашизмді тұншықтырудағы өлшеусіз үлесі. Бір сөзбен айтқанда, фашизм сияқты сұмпайы індетті тоқтатқандардың ұрпағымыз.
Біз сияқты басқа да елдер бар. Жеңімпаздардың ұрпақтарының арасында фашизмнің бас көтеруі мүмкін емес сияқты көрінетін. Алайда бүкіл мәселесін сырттан іздетіп, ал өздерін таңдаулы ұлт деген ертегіге сендіріп қоятын жүйеде фашистік идеология оп-оңай бұрқ ете қалатыны кезекті рет дәлелденді... «Тырналар» деген тамаша ән шығарған елдің ашқан соғысына қарап, осының бәрі шын болып жатыр ма, деп күйінесің.
Соғыс қасіретін соншалықты дәл сезіндіретін ән өзімізде де жетеді.
Бір ғана «Ана туралы баллада» қандай құдіретті ән! Алуа Тілептің материалы.
