АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина осы аптада бейбіт келісімге қол қойып, АҚШ-пен ірі бизнес бастайтынына үміттенеді. Ақ үй басшысы бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазған. Бұған дейін Трамп екі тараптың бірі бітімге келуді қиындатса, Украина бойынша бейбіт келісімнен шығатынын ескерткен еді. Ал Ұлыбританияның бұрынғы қорғаныс министрі Бен Уоллестің айтуынша, Трамптың бұлай деп мәлімдеуі оның бітімгершілік жоспары сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді.
Арай Төлегенқызы
