Астанада Мәскеудегі ең ірі мұражай көшпелі көрме ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мәскеудегі ең ірі мұражай көшпелі көрме ұйымдастырды

21.04.2025

Астанада Мәскеудегі ең ірі тарихи-мәдени кешеннің көшпелі көрмесі ашылды. Алексей Бахрушин атындағы мұражай елорда тұрғындарына соғыстың 80 жылдығына арналған бірегей экспозицияларды таныстырып жатыр. Мақсат – кеңес одағы кезіндегі өнер адамдарының майдан шебіндегі, тылдағы ерлігін көрсету. Көрмеде спектакль афишалары, суреттер, газет қиындылары, гастрольдік сапарлар туралы архивтер бар. Бұдан бөлек, сұм соғыста рух берген қойылымдары үшін театр ұжымына сарбаздар жолдаған хаттар да қойылған. Көрме Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 18 мамырға дейін жұмыс істейді.

Жанель Өтеулі


Хабарламаларға жазылу