Ақтөбеде жоғары сынып оқушылары колледждерге барып, 3D платформасында түрлі қосымшалар әзірлеп жатыр. Яғни олар қазірден ІТ технологияларды меңгеріп, шығармашылықтарын дамытады. Жұмысшы мамандықтар жылына орай Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде Әбіш Кекілбаев атындағы мектеп-лицейдің оқушылары қысқа мерзімді курстан өтті. Білім алушылар жаңа технология жетістіктерімен танысып, идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қысқа мерзімді курсты аяқтаған оқушыларға бүгін сертификаттар табысталды. Бұл шара оқушылардың сұранысқа ие мамандықтарды игеруіне жол ашады.
Іңкәр Жеткергенова, оқушы:
AR қосымшасы арқылы біз әр түрлі практикалық жұмыстар жүргізе аламыз. Сол жағынан жақсы жасалған мүмкіндік.Осы курсқа келу арқылы біз болашақ мамандығымызға бір қадам аттадық десек болады.
Жақсыбек Кемал
