Жамбыл облысында балалардың газдан улануына байланысты үй иесіне іс қозғалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында балалардың газдан улануына байланысты үй иесіне іс қозғалуы мүмкін

21.04.2025

Жамбыл облысы Меркі ауданында балалардың газдан уланып, қайтыс болуына қолдан жасалған пештің істен шығуы себеп болған. Оқиға орнына барған мамандар құрылғы қазандығында ақау барын анықтады.

Темірден жасалған пеш техникалық қадағалаудан өтпеген. Тіпті оның құжаты да болмай шықты. Салдарынан қолдан жасалған қазандықтағы газ жанбай, үй ішіне тараған. Пештегі ауаны мұржамен шығаратын механизм мүлде жұмыс істемеген. Енді жер үйді жалға берген иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Өйткені ол техникалық талапқа сай келмейтін газ пешін рұқсатсыз орнатқан. Еске салайық, оқыс оқиға кешке кешкісін Сарымолдаев ауылында болды. Баспананы жалдап тұрған жалғызбасты ана таңертең 3, 5 және 7 жастағы қызын үйде жалғыз қалдырған.

Абыл Жүсіпов, «Qazaqgaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының басшысы:

Апатты бригада жылыту қазандығы мен құбырын қолдан жасалғанын анықтады. Үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету келісімшарты болмаған. Сондай-ақ түтін және желдету құбырларының актісі жасалмаған. Ал улы иіс кезінде іске қосылатын дабыл жүйесі жоқ. Сондықтан балалар газ көміртек тотығымен уланған.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу