Суреттер сөйлейді. Әскери-тарихи музейде Қытайдың соңғы 5 жылдағы жетістігі, қорғаныс саласы және Қазақстанмен қарым-қатынасы кеңінен көрініс тапқан фото көрме өтті. Шараны Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілігі ұйымдастырды. 200-ден астам туындыда Қытай елінің өркендеуден бастап нығаюына дейінгі кезең бейнеленеді. Былтыр Қытай 13 млн. адамды кедейліктен құтқарғанын жеткізді. «Яғни, әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында атқарылған жұмыстар, келелі келісімдер өз жемісін беріп отыр», - дейді. Ал, екінші бөлімде әскери реформа жасау ұстанымы арқылы әлем бейбітшілігі мен дүниежүзілік өркендеуге үлес қосатынын көрсеткен. Сондай-ақ, Қазақстанмен өзара саяси сенімге, іскерлік ынтымақтастыққа құрылған фотолар қойылған. Соның аясында «Бір белдеу, бір жол» және «Нұрлы жол» бағдарламасын ұштастырып екі мемлекеттің жаңа белестерге жетуге ұмтылысы бейнеленген.
Берікжан Байғазин, Астана қаласының тұрғыны:
- Шынын айтқанда, әр сурет өте маңызды. Себебі, ол жай сурет емес, терең оймен келген суреттер. Сондықтан, шындыққа келсек, әр сурет бір әңгіме сияқты, Қытай туралы әңгіме.
Нысаналы ЫҒЫЛ