Қазақ әдебиетінің тағы бір алып бәйтерегі құлады. Белгілі жазушы, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Тарази 92 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Ол саналы ғұмырын сөз өнеріне арнап, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырды. Әкім Тарази – қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер. «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Қиянат» және «Ауыл шетіндегі үй» сынды бірқатар туындысы оқырман жүрегінен ойып тұрып орын алды. Сондай-ақ драматургия саласында аянбай еңбек етіп, бірнеше пьесасы театр сахналарында қойылды. Әдебиет пен өнер саласындағы сіңірген еңбегі үшін көптеген мемлекеттік марапатқа ие болды. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ол – әдебиет әлемінің әкімі еді.
Нұрсұлтан Тілектес
