Путин Зеленскиймен келіссөз жүргізуге ашық екенін білдірді. Ресей Президенті 2022 жылы ақпанда басталған соғыстан бері алғаш рет осындай ниет танытып отыр. «Біздің кез келген бейбіт бастамаға қатынасымыз позитивті», - деді көрші ел лидері мемлекеттік телеарна журналисі Павел Зарубинге берген сұқбатында.
Зеленский түндегі видео үндеуінде Путиннің бұл мәлімдемесіне тікелей жауап бермесе де, бейбіт халыққа қарсы соққыларды тоқтату үшін «барлық әңгімеге дайын» екенін хабарлады.
Айта кетсек, қазір екі президент те АҚШ-тың қысымына ұшырап отыр. Бұған дейін Дональд Трамп, егер Украина мен Ресей келіссөздерінде прогресс байқалмаса, Вашингтон олардың арасындағы соғысты тоқтату әрекетінен бас тартатынын ескерткен еді.
Арыстан Рысбек
