Ұлттық электронды кітапхананы қолданушылардың 40%-ы шетел азаматы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық электронды кітапхананы қолданушылардың 40%-ы шетел азаматы

22.04.2025

Жыл басынан бері Ұлттық электрондық кітапхананы 140 мың адам қолданған. Соның 40 пайызы шетел азаматтары. Әсіресе, Ресей, Германия, АҚШ-тан оқырман көп. Үш айда теріскейдегі көршілерімізден 17 мың адам қазақ ғалымдарының ғылыми жұмыстарын оқыған. Ал Германиядан 14 мың, АҚШ-тан 11 мың адам қаламгерлеріміздің ағылшын тіліне аударылған туындаларын жүктеп алған. Жалпы біздің Ұлттық электрондық кітапханадағы кітаптар мен архивтер 100-ден астам елде пайдаланылады. Кітапханашылардың айтуынша, қазір Нидерланды, Сингапур, Франция, Турция, Қытайдан да оқырман көбейіп келеді.

Айтоты Жақыпова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы электрондық ресурстарды басқару қызметінің жетекшісі:

Осы соңғы бірінші тоқсанды қараған кезде Франция мен Нидерландыдан оқырмандарымыз пайда болған екен. Олар көбіне қазақ тілін, әдебиетін, ғылымын зерттейтін шетел ғалымдары. Былтыр ғана Қытайдан каллиграфияны зерттеп жүрген ғалым келді өзі. Сол Ахмет Байтұрсыновтың каллиграфиясын зерттеп жүр екен. Бізден сұрап келді.

Жәнел Өтеулі

Хабарламаларға жазылу