ШҚО Зайсан ауданында жалғыз соғыс ардагері қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО Зайсан ауданында жалғыз соғыс ардагері қалды

22.04.2025

Шығыстағы Зайсан ауданында қазір екінші дүниежүзі соғысына қатысқан жалғыз ардагер қалды. Зәкен Құрманқожанов 1942-жылы 19 жасында әсер қатарына алынып, Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Ұрыста 8 рет жараланса да, соғыстың соңына дейін болып, ұлы жеңісті Берлин түбінде қарсы алды. Биыл 102 жасқа толған қарт майдангердің шаңырағына әріптестеріміз де барып қайтты.

Тоғызыншы мамыр жеңіс күні деп тойлағанымызбен, бұл күннің қандай ауыр болғанын жас ұрпақ білуі керек.

Жас ұрпақ білуі үшін аға буын сол кешегі майданда болған батырлардың ерлігін үнемі жаңғыртып отыруы тиіс. Айнабұлақ орта мектебіндегі жас сарбаз кадет сыныбының оқушылары Зәкен ақсақалмен жиі кездесу өткізеді.

Айбек Мағапиянов, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі:

Бұл жердегі мақсатымыз – жай ғана сұхбаттасу емес, тарихты білу. Жиі іс шаралар өткізіп отырамыз. Арнайы өстіп көзбен көрсін форма кигізіп, медальдарын таныстырып, соғыстан кейінгі еңбек жолдарын әңгімелеп береміз.

Зәкен Құрманқожанов танк полкінде соғысқан. Батыс Еуропадағы бірнеше мемлекетті азат ету ұрыстарына қатысады. Ленинград түбінде немістің атақты «SS» жасағымен шайқасады. Жеңісті Берлинде қарсы алып, елге 1946 жылы оралған соң ауылда ағаш шебері болып еңбек етті.

Альмира Зәкенқызы, Айнабұлақ ауылының тұрғыны:

Жүз екі жасқа келіп, тұғырдан түсіп отырғаны болмаса, анам екеуі екі жақтап, шарауларын істеп, 10 баласын тәрбиелеп жеткізіп, сөйтіп отырған қарт адам.

Қос ғасырдың куәгері болған Зәкен ақсақал 10 бала, 30 немере, 60 шөбере, одан шөпшек көріп отыр. 102 жастағы ардегер ұлы жеңістің 80 жылдығын осылай қарсы алмақ.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу