Павлодар облысында жеңіс аллеясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жеңіс аллеясы ашылды

22.04.2025

Павлодар облысы, Май ауданының орталығында Жеңістің 80 жылдығына арналған аллея ашылды. Бюджеттен бір тиын қаржы шығармай, осы ауданда туып өскен азаматтар шығынды өздері көтерген. Аллеяға 200-ден аса көшет егілді. Көбі жеміс ағаштары. Суарып, баптау үшін арнайы құбыр тартылған. Енді бұл саябақты күтіп ұстау біздің міндетіміз дейді жергілікті жұрт. Май ауданынан соғысқа 1400-ге жуық адам қатысқан. Олардың 500-ге жуығы ғана елге оралды. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу