Үндістанда жарылыстан туристер қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда жарылыстан туристер қаза тапты

23.04.2025

Үндістанның туристер арасында танымал Пахалгам қаласында қарулы топ 27 адамды мерт қылды. Шабуылдан қаза тапқандардың барлығы – туристер. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Оқиға Кашмир аймағында болған. Шабуылды «Қарсыласу майданы» атты көтерілісшілер тобы мойнына алды. Пәкістан қолдайтын ұйым Үндістанда лаңкестік топ деп танылған. Аталған топ Джамму мен Кашмир аймағын Үндістан оккупациялап алған деп есептейді.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу