Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл

23.04.2025

Бүгін Астанада «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: нәтижелер мен перспективалық міндеттер» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтеді. Шара бірлік пен келісімнің символы – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орайластырылып отыр. Шараға Ассамблея мүшелері, Парламент депутаттары, сондай-ақ, бірқатар министрлік өкілдері қатысады. Айта кетейік, елімізді мекендейтін ұлт пен ұлыстың ұйытқысына айналған ұйым 1995 жылы құрылған. Әр ұлттың тіліне, дініне, дәстүріне құрметпен қарау – елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің басты кепілі. Ассамблея осы мақсатты жүзеге асыруда ерекше рөл атқарып келеді.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу