Президент Пәкістан құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Пәкістан құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысын қабылдады

23.04.2025

Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдады. Кездесуде қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық және екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Президент Қазақстан Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі елдің көлік және логистика салаларындағы байланыстарын одан әрі дамытуға әлеуеті бар. Асим Мунир Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифтің ықыласын жеткізді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу