Оқ тиген Берденовке қатысты іс прокуратураның бақылауында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқ тиген Берденовке қатысты іс прокуратураның бақылауында

23.04.2025

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қатысты жүргізіліп жатқан іс прокуратураның бақылауында. Мұны журналистермен брифинг өткізген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты. Ол жүргізіліп жатқан тергеуге әсер етпеу үшін қала әкімдігі әзірге ешқандай түсінік бере алмайтынын жеткізді. Полиция департаменті тек тергеу аяқталғаннан соң ғана арнайы ақпарат таратады деді. Сәрсен Құранбек сондай-ақ осы оқиғадан кейін қала әкімдігі ғимаратында күзет күшейтілмейтінін де мәлімдеді. «Ал күдіктінің неге мұндай әрекетке барғаны, тергеу аяқталғаннан соң ғана белгілі болады. Күдіктінің жүйкесінде бәлкім психикалық ауытқулар болған шығар, бәлкім психотропты заттарды тұтынған болуы да мүмкін. Мұны анықтайтын арнайы органдар бар», - деді Сәрсен Құранбек. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу