Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Берденовке жасалған шабуылға қатысты ойын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Берденовке жасалған шабуылға қатысты ойын айтты

23.04.2025

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты айтылып жүрген пікірлерге күмәнмен қарайды. Депутаттың айтуынша, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов ауыр жарақат алған. Ол ауруханада есін жия салысымен жұмысына барамын деген.

Айдарбек Қожаназаров, Мәжіліс депутаты:

Кеше ғана наркоздың астында отырған адам. Оның әңгімесі, біреу бала-шағасын іздейді. Наркоздан адам тез шықпайды ғой. Жұмысқа бару керек, жұмысқа бару керек деп, сондай әңгіме айтып тұр. Өзіңіз білесіз, үш рет атты. Ондай жарақаттан аман қалу қиын. Өз-өзіне келу біраз уақыт алады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу