Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қарамағындағы қызметкерлерін қысқартып, бағдарламаларын жабуға мәжбүр. Бұған АҚШ-тың қаржыландыруды тоқтатуы себеп. Құрама Штаттар ресми көмекпен қоса, 2024-2025 жылдарға арналған міндетті жарналарын төлеуден бас тартқан. Осыған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы есепшоттары минусқа кірген. Мұның салдарынан келесі жылы жалақы қорында шамамен 650 млн доллар көлемінде тапшылық туындауы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
