Елордада 3 негізгі салалық көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 3 негізгі салалық көрме ашылды

23.04.2025

Астанада үш негізгі саланы біріктірген көрме басталды. 22 елден келген жетекші өндіруші компаниялар машина жасау, металл өңдеу, сумен жабдықтау, өндірістерді автоматтандыру және инженерлік жаңғырту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі бағытындағы жаңа буын технологияларын таныстырады. Көрмеге 250-ден астам компания қатысып жатыр. Олардың қатарында зауыт иелері, инженерлер, бөлшек және көтерме компаниялардың өкілдері, технологияларды жобалаушылар мен әзірлеушілер, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдері бар. Көрме 25 сәуірге дейін жалғасады.

Шыңғыс Сүйінбаев, ҚР ӨҚМ өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:

Форумның басты мақсаты – шетелдік технологияларды алып, Қазақстанда жаңа жұмыс орындарын ашу. Өздеріңіз көргендей Германиядан, Австралиядан көп компаниялар келді. Солар бізбен бірге жұмыс істеп, жаңа технологияларын Қазақстанға қоюға дайындығын көрсетіп жатыр. Бұған дейінгі 4 форумның нәтижесі бойынша Қазақстанға роботизациясы келді шетелдің, Жапония, Кореяның роботтарын автопромға қойдық. Алматы вентилятор зауытында роботтар, компьютерлер жұмыс істеп жатыр.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу