Ұлттың ұйытқысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттың ұйытқысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл

23.04.2025

Қазақстан халқы Ассамблеясы институционалдық іргелі ұйымға айналды. Қазір оның құрамында 4 мыңнан астам бірлестіктер мен түрлі кеңестер бар. Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кеңейтілген отырыс өтті. 1995 жылы құрылып, түрлі ұлт пен этностың ұйтқысына айналған ұйым елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің басты кепілі ретінде қызмет етіп келеді. Қазір Ассамблея мүшелері Парламент құрамында елдің саяси һәм экономикалық дамуына да өздерінің елеулі үлесін қосып жүр.

Әлішер Сатыбалдиев, ҚХА кеңесінің мүшесі, Сенат депутаты:

Конституциялық реформалардан кейін Мәжілістегі 5 депутат Ассамблея мүшелігіне кірді. Бұл арқылы біз еліміздегі этнос өкілдерінің барлық мүдделерін сол жерде қорғауға, сонымен қатар этнос өкілдерінің мемлекетке қызмет атқаруына мүмкіндік алдық. 

Шараға Ассамблея мүшелері, Парламент депутаттары, сондай-ақ бірқатар министрлік өкілдері қатысты. Жиын барысында ассамблея ардагерлері марапатталды. Ассамблея аясында ардагерлерге, жастарға және қайырымдылыққа арналған ұйымдар ашылып жатыр. Биылғы жоспар солардың жұмысын үйлестіру және жандандыру.

Акбаржон Исмаилов, ҚХА мүшесі:

Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл қазақ халқының қанатының астында, қара шаңырақ астында барлық этносты жинау болып табылады. Бүгінгі жиналу соның көрінісі, соның тойлануы десек болады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу