Қызылордада Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін ардақтауға арналған республикалық форум басталды. Еліміздің 11 педагогикалық колледжінен келген студент қыздар әскери-патриоттық шеруге шығып, қазақтың қайсар қызының рухына тағзым етті.
Дәстүрлі «Мәншүк маршына» барлығы екі мыңға жуық жас қатысты. Салтанатты шеруден кейін екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Жалпы патриоттық форум екі күнге созылып, тағылымды шаралармен жалғасатын болады.
Назерке Русланқызы, студент:
Мәншүк Мәметованың осындай маршына қатысу біз үшін үлкен деңгей. Біз үшін үлкен мәртебе, мақтаныш деп ойлаймыз. Ұрпаққа өнеге қалдырып кеткен тұлғамыз. Біз әрқашанда даңқты етеміз, әрқашанда қолдаймыз.
Әділбек Серікұлы
