Талдықорғанда «Эко Керуен» экологиялық акциясы өтті. Арнайы безендірілген техникалар тұрғындардан қоқыс қабылдады. Игі шараға елуден аса адам қатысқан. Ал таулы өлке Текеліде «Жүгір де, тазала» атты экопологгинг ұйымдастырылды. Спорт пен тазалық ұштасқан акцияға 60-тан аса ерікті қатысқан. Олар Шажа өзенінің жағасын қоқыстан тазартып, жүгіруден командалық сайысқа түсті.
Дамир Нұрмұхамед
