Президент Хорватия Сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Хорватия Сыртқы істер министрін қабылдады

23.04.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Сыртқы және Еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады. Президент Қазақстан мен Хорватия арасындағы қатынастар өзара сенім мен ашық диалог негізінде нығая беретініне сенім білдірді. Қазіргі таңда елімізде 30-дан астам хорватиялық компания бар. Енді Еуропалық бизнес өкілдері энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларынада да жұмыс істеуге қызығушылық танытып отыр. Бұл қос ел арасындағы сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытуға жол ашпақ. 


Хабарламаларға жазылу