Қарағанды қаласының іргесінде орналасқан Шахтер ауылының тұрғындары әлі 5 жыл көмір тасып, пеш жағуға мәжбүр. Себебі 400-ден аса тұрғын үйі бар шағын ауданға газ тек 2030 жылы берілмек.
Орталық Қазақстанға газ осыдан 4-5 жыл бұрын тартыла бастаған еді. Қызылорда қаласынан 9000 шақырымға жуық құбыр тартылды. Жоба бойынша газ бірінші қала орталығына, кейін Оңтүстік-шығыс ауданға беріледі. Ал Әлихан Бөкейхан ауданы кезекте соңғы тұр.
Сәбен Әлкеев, аудан тұрғыны:
Бірінші газ беру керек. Бізге бермесе, мұндағы үлкен кісілер қиналып жатыр. 2025-26 жылы береміз деген оған ақша жоқ дейді. Енді 2030 береміз деп отыр.
Қарағанды облысында бүгінде 9500-ден аса үйге газ тартылған. Енді қалған монтаж жұмыстары құрылыс басқармасының мойнында. Биылдың өзінде өңірге 15,4 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оның басым бөлігі республикалық бюджеттен. Ал Шахтер шағын ауданының тұрғындарына кезек күткеннен басқа амал жоқ.
Манас Баймамыров, «Qazaqgaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының маманы:
Негізі ол жоба 2036 дейін деп басталған. Қазір уақытылы жасалып жатыр. Нәтижесінде 22 000 астам отбасы газға қол жеткізеді. Біздің тарапымыздан бәрі дайын тұр.
Жандос Бақытұлы
