Қарағандыдағы «Алаш» скверіне жүзден аса көшет екті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы «Алаш» скверіне жүзден аса көшет екті

23.04.2025

Қарағандыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Алаш» скверінде 100-ден аса көшет отырғызылды. Шараға қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері, қоғам белсенділері мен еріктілерден құралған жүзге жуық адам қатысты. Табиғат жанашырлары жаңадан салынған сквер айналасын ретке келтірді. Экологиялық акция Теміртау, Саран қалаларында да өтті.

Серік Санаубаев, Қарағанды қаласы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы:

«Таза Қазақстан» акциясы президентіміздің бастауымен жүзеге асты. Өте орынды бастама. Менің ойымша, шара нүктесі күнделікті минталитетіміз бойынша жерімізді, айналамызды таза ұстауымыз керек.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу