Шымкент жастары Қошқарата өзенінің бойын тазалады. Екі жүзге тарта жас жағалаудағы қураған шөп, жапырақ пен шашылған қоқысты жинады. Сондай-ақ арна бойындағы қоршаулар мен аяқ жолдардың жиегін бояп, ретке келтірді. Жалпы экологиялық шара басталғалы жастардың қатысуымен 37 тазалық шарасы ұйымдастырылған.
Аружан Әлжан, қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
Қаламызды тек қоқыстан тазарту мақсаты емес, «Таза Қазақстан» сананың да тазалығы екенін айтып жатырмыз. Яғни қоғамды ескірткісіз және мәдениетті жастармен толықтырғымыз келсе, бірінші санаңды өзгерту қажет. Шымкент қаласын барынша көркем етіп, ең алдыңғы қатардағы таза қала ретінде көрсетуіміз керек.
Ғани Қалмахан
