«Алматының жас жазушысы – 2025» қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара қазақ жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Додаға қатысқан 15-17 жас аралығындағы 173 шәкірт Бегалин шығармаларындағы кейіпкерлер мен оқиғаларды негізге алып, фэнтези жанрында әңгімелер ұсынған. Жұмыстардың бағалау кезінде түпнұсқалық, әдеби шеберлік және тақырыпты ашу деңгейі ескерілді, - дейді қазылар алқасы. Ең жас қатысушылар үшін алғаш рет «Жас дарын» сыйлығы берілді. Жеңімпаздарға «Алматының жас жазушысы» атағы беріліп, үздік әңгімелері электронды жинаққа енетіні айтылды. Сонымен қатар жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Байқау Алматы кітапханалары, Қазақстан Жазушылар одағы және «Өркен» қоғамдық қордың ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп отыр.
Шырайлым Айбекқызы, «Алматының жас жазушысы – 2025» қалалық байқауының жеңімпазы:
Менің жазған шығармам «Тылсым әлемге сапар» деп аталады. Бұл шығарманы жазуға маған бір аптадай уақыт кетті. Менің шығармамның негізгі тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы жазған әліппе негізінде болашақта қазақ тілі өзінің әліппесін жасап шығару деген идея қозғалды менің шығармамда.
Ғани Қалмахан
