Премьер-министр «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесін өткізді

24.04.2025

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» директорлар кеңесінің отырысы өтті. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 36,4 трлн теңгені құрайтын 46 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында полиэтилен өндірісі, күкірт қышқылы зауыты, «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісі, Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты және еліміздің оңтүстік аймағындағы электр желілерін нығайту жобалары бар. Премьер-министр қор басшылығына және жауапты министрліктерге жобалардың Қазақстан инфрақұрылымына, энергетикасына, көлік логистикасына, өнеркәсіптік дамуына жанама әсерін ескере отырып, олардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу