Жасанды интеллект ұсынған ақпараттар қаншалықты сенімді? Қолданушылардың жеке деректері қорғалған ба? Жалпы, жасанды интеллектіні біз қаншалықты қадағалай аламыз? Сала мамандары осы секілді маңызды сауалдарды талқылады. Олар Орталық Азияға жасанды интеллектінің енуі қандай сын-қатерлер тудырады, оны қоғам өмірінің әртүрлі салаларына енгізуде этикалық қағидаттарды қалай сақтаймыз деген тақырыпта өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар әсіресе жастар мен әйелдерге, осал топтар мен басқа да мүдделі тараптарға сенімді цифрлық орта қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.
Бейбіт Әбдікенов, Astana IT University Жасанды интеллект ғылыми орталығының директоры:
Ақпаратты дайындаудың өзі этикалық тұрғыдан қалай дайындалады, оны кім дайындайды, қандай адамдар құзырлы сол да этикалық тұрғыдан маңызды бұл мәселеде. Екінші мәселе жасалған алгоритмдердің өзі. Қаншалықты дұрыс жасайды, қаншалықты деңгейде шешім қабылдай алады. Ол да маңызды. Өйткені бұл жерде көптеген адамның жеке ақпараты бар ғой.
Серік Жұмабек
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/210329/)