«Ұлттық кітап» байқауының үздіктері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлттық кітап» байқауының үздіктері марапатталды

24.04.2025

Елімізде тұңғыш рет өткізілген «Ұлттық кітап» байқауының үздіктері анықталды. Жеңімпаздарды мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов марапаттады. Әдеби дода балаларға арналған үздік кітап, үздік комикс, үздік аударма, үздік баспа үйі сынды 10 номинация бойынша өтті. Бас жүлде – «Жыл кітабы» гран-приін «Қазақстанның тарихи тұлғалары» сериясы үшін «Алматы кітап» баспасының президенті Гаухар Саймасаева иеленді. Жиында сөз алған Ерлан Қошанов, өңірлердегі кітапханалар жаңартылып, кітапханашылардың жалақысы өсіп, цифрлық бағытта дамып жатқанын да тілге тиек етті. Бүгінде елімізде 4 мыңға жуық кітапхана, ал оларды тұрақты пайдаланатын 5 миллионнан аса оқырман бар екен. Соның ішінде әр бесінші оқырман – бала.

Ерлан Қошанов - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

Кітап ақыл ойдың қайнары. Кітап ізгілік пен сұлулықтың жаршысы. Ол адамзат өркениетінің ең ұлы жетістіктерінің бірі. Ғасырлар өтсе де кітаптың мән-маңызы еш өзгерген жоқ. Керісінше ол бүкіл әлемді интелектуалды ұлт пен саналы қоғам қалыптастырудығ кілтіне айналып отыр.

Әдебиет әлемінде алғаш рет кең ауқымда ұйымдастырылған «Ұлттық кітап» байқауына биыл 120 өтінім түскен. Олардың арасынан топ жарғандарына бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Раиса Қадыр, баспагер:

Балаларға арналған әлем әдебиетінің қазақ тіліне аударып шығарады. Соңғы 5 жылда 150-ден астам кітап басып шығардық. Шамамен 80 пайыз балаларға арналған болса, 20 пайыз ересектерге арналған көркем әдбиет. Бұл жолғы «Ұлттық кітап» байқауының көп номинациясына ұсындық. 

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу