Терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды

24.04.2025

Астанада терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды. Бас прокуратураның дерегінше, ол өрімдей қос қызын террористік ұйым мүшелеріне тұрмысқа беру үшін Сирияға кетуді жоспарлаған. Күдікті Алматы әуежайында Түркия арқылы Араб Республикасына ұшпақ болған сәтінде ұсталды. Сондай-ақ оның лаңкестікті қолдайтын материалдарды Telegram каналдары арқылы таратқаны анықталды. 

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу