«Қазақфильм» сатылса, тарихымызды насихаттау мүмкіндігінен айырыламыз - Қуаныш Сұлтанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақфильм» сатылса, тарихымызды насихаттау мүмкіндігінен айырыламыз - Қуаныш Сұлтанов

24.01.2018

«Қазақфильм» сатылса, тарихымызды насихаттау мүмкіндігінен айырыламыз». Осылай деп Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов бұл мекемені жекешелендірілетін нысандардың тізімінен шығаруды сұрады. «Кезінде көптеген кітапханалар мен мәдениет үйлері, кітап дүкендері және тағы басқа әлеуметтік нысандар бастапқы мақсаттарынан өзгертіліп, сатылып кетті. Экономика түзелгеннен кейін сол тегін кеткен әлеуметтік нысандарды мемлекеттің қыруар қаржысына қайта сатып алған едік. Сол жағдайды ескергеніміз абзал»,- деді ол.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Киностудияны сатып алатын адам киноөндіріспен шұғылданбайтыны бесенеден белгілі. Ал, шетелдіктердің қолына тисе онда сөз жоқ, біз ұлттық кинодан, осы салада Елбасы мақаласында айтылған ұлттық код, тегімізді насихаттау мүмкіндігінен айырыламыз.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу