Үндістан Кашмирдегі шабуылдан кейін Пәкістанмен арадағы негізгі өткелді жапты. Ресми Дели лаңкестік әрекетке Пәкістанды айыптап отыр. Сол себепті шекараны жауып, пәкістандықтарды визасынан айырып, 48 сағатта олардың елден кетуін талап етті. Бұған қоса, Үндістан Пәкістандағы әскери атташелерін кері шақырды. Исламабадтағы дипломатиялық миссиясының персоналын қысқарту туралы шешім қабылдады. Ал Пәкістан билігі Кашмирдегі лаңкестік шабуылға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Туристер арасында танымал Пахалгам қаласында қарулы топтың шабуылынан 26 адам мерт болды. Марқұмдардың барлығы туристер. «Рейтердің» мәліметінше, шабуылды «Қарсыласу майданы» атты көтерілісшілер тобы мойнына алды.
Арай Төлегенқызы
