Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл

24.04.2025

Биыл – Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Жеңістің 80 жылдығына орай қазақтың қайсар қызына арналған шаралар Ресейдің Мәскеу қаласы мен өзге де өңірлерінде өтіп жатыр.

Мәскеуде Кеңес Одағы Батырының атында көше бар. Сондай-ақ 1999 жылы орта мектептердің біріне есімі берілді. Мәскеудегі отандастарымыз, дипломаттар мен қазақ диаспорасының өкілдері мектепке барып, ескерткіш-мүсінге гүл шоқтарын қойды, ерлігіне тағзым етті.

Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

Биылғы жылы біз Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуын бірге атап өтудеміз. Қаһарман қала Мәскеудегі оның атындағы көше, мектеп және онда орнатылған мүсіні сол кездегі батырлығы мен қазіргі ұрпақтың ризашылығының куәсі іспеттес. Бұл біздің ортақ тарихымыз бен бауырластық қатынасымыздың тағы бір символы және жас ұрпақ үшін ең жақсы үлгі.

Орта мектептегі жалғыз мұражай да Әлия Молдағұлова атында. Кейбір бөлігі сандық жүйеге ауыстырылды. Мұражайда Әлия Молдағұлованың қысқа өмір жолынан фотосуреттер, мұрағаттық материалдар, кітаптар ұсынылған. Мұнда Кеңес Одағының Батыры туралы ғана емес, қазақ елі туралы түрлі жәдігерлер жинақталған. Мектепте үнемі бейбіт күннің батырының ерлігіне арналған түрлі шаралар мен мен сынып сағаттары өтіп тұрады.

Елена Дегтярева, Ә.Молдағұлова атындағы №1512 мектептің директоры:

Біз батыр қыздың ерлігін ұмытпаймыз, есімін құрметтейміз. Мектебімізде Әлия Молдағұлованың туыстарын да қарсы алдық. Олар Әлияның заттарын мұражайымызға табыстады.

Мектеп орналасқан жерде соғыс жылдарында мергендер дайындайтын әйелдер орталығы болған. 1943-жылы осы мектепті бітірген 18 жастағы Әлия майданға аттанып, 1944-жылы қаңтарда Псков облысындағы шайқаста қаза тапты. 1944-жылы маусымда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Қазақтың қаһарман қызының ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу