АҚШ-та 12 штат Трампты сотқа берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 12 штат Трампты сотқа берді

24.04.2025

АҚШ-та 12 штат президент Дональд Трампты сотқа берді. Олар Трамп әкімшілігі енгізген тарифтерді заңсыз деп тануды сұраған. Талап-арызда Ақ үй басшысы енгізген баж салығы сол штаттардың экономикасы мен тұрғындарына зиян тигізгені айтылған. Сотқа жүгінгендер - 12 штаттың бас прокурорлары. Олар заң бойынша тарифтерді белгілеу құқығы тек Конгреске ғана тиесілі деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу