Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы бөгет шұғыл түрде нығайтылып жатыр.
Эльмира Кәленова, тілші:
Жұмыс кеше кешке басталған болатын. Түні бойы жалғасты. Әскерилер, атқарушы орган қызметшілері, түрлі компаниялардың жұмысшылары келіп, қаптарға құм тиеп, бөгетті нығайтып жатыр. Сына жерде 1300 адам жұмыс істеп жүр. Төтенше жағдай департаменті әзірге үйлерді су басу қаупі жоқ екенін, бөгетті нығайту – сақтық шарасы екенін жеткізді. Эвакуация жүргізілген жоқ.
Қазір су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Бұған дейін мұндай құбылыс болмаған. Және үшінші толқын басқаларынан күштірек. Тасқынның шарықтау шегі облыс орталығына жетті. Петропавлда өзен деңгейі өткен тәулікте 31 сантиметрге көтерілді. Мамандар бұл қалыпты көрсеткіш екенін айтты. Заречный кенті мен Прибрежное ауылы су құрсауында қалды. Тұрғындар арнайы техниканың көмегімен қатынап жүр.
Эльмира Кәленова
