Трамп Сауд Арабиясына 100 млрд доллардың қару-жарағын ұсынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Сауд Арабиясына 100 млрд доллардың қару-жарағын ұсынбақ

25.04.2025

Америка Құрама Штаттары Сауд Арабиясына 100 млрд доллардан астам сомаға қару-жарақ пакетін ұсынбақ. Мұны «Рейтер» агенттігі осы мәселемен жақсы таныс 6 дереккөзден білген. Президент Дональд Трамп бұл ұсынысты мамырда корольдікке сапары барысында жасамақ. Сауд Арабиясымен қорғаныс келісімін бекіту әрекеті экс-президент Джо Байден тұсында басталған. Сол кезде Байден Корольдікке қытайлық қару-жарақты сатып алудың орнына замауни америкалық қару алуды ұсынған. Ал, бірінші президенттік мерзімінде Дональд Трамп Сауд Арабиясына қару сату АҚШ-тағы жұмыс орындары үшін тиімді болады деп мәлімдеген еді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу