«Семей Орманы» табиғи орман резерватында орманшыларға жаңа техника табысталды. Шараға Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Жаңа техниканың берілуі тілсіз жаумен күресте, әсіресе, орман өртін ауыздықтауда қолдау. Қанат Бозымбаев орманшыларды құттықтап, 26 «JAC» маркалы көліктердің кілтін табыстады. Бұл техника орман ішіндегі өрт ошақтарына жылдам жетуге, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. «Семей орманы» табиғи орман резерватына жыл соңына дейін тағы 39 КамАЗ және 10 өрт сөндіруге арналған трактор жеткізілмек.
Ержан Жақып
