Қазақстанда адам саудасына қатысты қылмыс көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда адам саудасына қатысты қылмыс көбейген

25.04.2025

Адам саудасы құрбандарының саны артып келеді. 2023 жылмен салыстырғанда былтыр 17 пайызға көбейген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі айтты. Өткен жылы 247 адамға көмек көрсетілген. Оның 100-ден астамы шетел азаматы. Ал биыл 58 адам құтқарылды деді ведомство өкілі. Жиынға Қазақстандағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым миссиясының басшысы мен аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Олар адам саудасы қылмыстары үшін жазаны қатаңдату және алдын алу механизмдерін дамыту жайын талқылады. Бас прокуратура өкілі Қазақстан адам саудасымен күрес бағытында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін айтты.

Әділет Тоқтамысов, Бас прокуратураның басқарма бастығы:

Адам саудасына қатысты бейінді заң қабылданды. Қазақстан Республикасы жүзден астам конвенция қабылдады. Оның ішінде адам саудасына қатысты. Енді қылмыстық кодекске бірталай өзгеріс енгізілді. Қылмыстық кодексте 8 бап бойынша адам саудасына қатысты жауапкершілік көзделген. Ең ауыр жаза 18 жылға дейін көрсетілген. Бұл айтарлықтай қатаң жаза.

Асылбек Данияр 

Хабарламаларға жазылу