Жүзден астам студент қатысқан хакатон жүлдегерлері марапатталды. Интеллектуалды сайыста жастар кәсіп, ғылым және білім бағыттарында тың идея мен саладағы мәселелердің шешімін ұсынды. Олардың арасында қой жүнінен жасалған экологиялық тыңайтқыштар, цифрлық орман платформасы сынды жобалар бар. Елдегі 20-дан астам университет пен колледжден келген командалардың бастамаларына инвесторлар да қызығушылық танытып отыр.
Дәурен Жақай, жеңімпаз:
Сезім жақсы. Биыл конкуренция қатты болды. Бірақ соның өзінде де жеңіске жеттік. «Қолдан қолға» деп аталады жобамыз. Ол фермерлердің арасындағы осы тікелей сатуға арналған платформа. Түрлі-түрлі компаниялар бар қызығушылық көрсетіп жатқан. Енді жұмысқа көбірек күш салу керек. Сезон басталып жатыр, біз фермерлермен тікелей қала сыртына шығып, солармен танысуға барып, жобаны аяққа тұрғызу керек.
Темірлан Нұрсолтан
