Астанада жеңіске үлес қосқан батырлар дәріптелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жеңіске үлес қосқан батырлар дәріптелді

25.04.2025

Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету тарихты терең зерделеуден басталады. Ұлттық қорғаныс университетінде өткен жиында әскери мамандар осындай ой айтты. Басқосуда Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске Қазақстан батырларының қосқан үлесі талқыланды. Қатысушылар ержүрек батырларымыздың ерлігін ұмытпай, олардың есімін жадымызда сақтау маңызды дейді. Соғыс жылдары майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың ішінде 500-ден аса жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың ерлігі ел тарихында алтын әріппен жазылды. Жиын барысында жас офицерлерге батырлардың ерліктері үлгі ретінде ұсынылып, патриоттық тәрбиенің маңыздылығы атап өтілді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу