Отандық дәрігерлер шетелдік мамандармен тәжірибе алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық дәрігерлер шетелдік мамандармен тәжірибе алмасты

25.04.2025

Астаналық дәрігерлер шетелдік мамандармен тәжірибе алмасты. Қалалық №2 көпсалалы балалар ауруханасына халықаралық деңгейдегі сарапшылар келіп, білген-түйгенін ортаға салды. Негізгі қонақ – балалар ортопедиясы мен травматология саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар, медицина ғылымдарының кандидаты Михаил Петров. Білікті сарапшы екі күнде 4 күрделі ота жасады. Мұндай шеберлік сабақтары – тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, жас ұрпақтың саулығына жол ашатын игі бастама, - дейді отандық дәрігерлер. Себебі бүгінгі үйренген тың тәсіл ертеңгі мыңдаған бүлдіршіннің аман қалуына, еркін жүріп-тұруына сеп болмақ.

Асылбек Заурбеков, травмотолог-ортопед:

Бізге буын, оның ішінде иық буынының көп шығуы, 1 жылдың ішінде бірнеше рет немесе 1 айдың ішінде бірнеше рет шыққан буындарды қайта қалпына келтіру отасын жасап көрсетіп жатыр. Бұл маманнан көп нәрсе үйрендік, көрдік. Өзімізге, көңілімізге түртіп алдық.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу