Астанадағы мектептер «Таза Қазақстан» акциясын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы мектептер «Таза Қазақстан» акциясын өткізді

25.04.2025

Елорда мектептерінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тазалықпен қуаттан» атты шара өтті. 5-10 сынып оқушылары мектеп аулаларын тазартып, жүздеген тал отырғызды. Сондай-ақ гүлзарларды ретке келтірді. Мұғалімдердің айтуынша, мұндай акциялар табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Топ болып жасалған жұмыс балалардың жауапкершілігін арттырып, ұжымдық рухты нығайтпақ.

Динара Ержанова, №103 орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары:

Мұндай іс шаралар мектебімізде сынып сағаттарында тренинг ретінде де басқа форматтарда да өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, мектебімізде «Жасыл клуб» атты жоба бар. Яғни ол жобаның мақсаты – мектептің ауласына ағаштар егу, мектеп ішінде гүл отырғызу сияқты көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу