Шымкентте шағын аудандар газ желісіне қайта қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте шағын аудандар газ желісіне қайта қосылды

25.04.2025

Шымкент қаласында экскаватор жүргізушісінің абайсыздығынан көгілдір отынсыз қалған екі бірдей шағын ауданға қайта газ берілді. Авариялық бригада осыдан бір сағат бұрын диаметрі 315 миллиметрлі құбырдың жарылған жерін бүтіндеп, ақауды жөндеді. «ҚазТрансгаз Аймақ» мекемесі мамандары қазір шығын көлемін есептеуде. Оқиғаның мән-жайы толық анықталған соң, экскаватор жүргізушісі жауапкершілікке тартылады дейді полиция өкілдері. Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкісін жер қазып жатқан арнайы техника құбырды зақымдап, 120 тұрғын үй мен бір кәсіпорын көгілдір отынсыз қалған еді.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу